Каспий теңізі тартылуда: Желіде таралған видеоға қатысты экология министрлігі түсініктеме берді
ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі су деңгейі 1,4 метрге дейін түскен Каспий теңізінің бүгінгі жағдайына пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Желіде теңіз суының тартылғандығы жөніндегі видео тараған болатын. Онда балықшылар қайығының құрлықта тұрғаны бейнеленген. Бейнежазбада Каспий маңы ойпатының Солтүстік Шығыс Каспий аймағы көрсетілген. Бұл аймақ тереңді тайыздық және төменгі тайыздықпен сипатталады.
“Каспий теңізі 2005 жылдан бері тартыла бастаған. Содан бері теңіздегі су деңгей 1,4 метрге дейін түскен. Әсіресе , шығыс таяз бөлігі ең көп зардап шеккен. Теңіз шегініп, су астының терең түбінің орынында батпақты шығанақтар қалған”, – деді экология министрлігінің өкілдері.
Бұған қоса, министрліктегілер мұның үлкен мәселе айналғанын атап өтті.
Сонымен қатар экология министрлігі "Қазгидромет" РМК ның болжамы бойынша Каспий теңізіндегі су деңгейі алдағы уақытта әлі де төмендейтіндігін ескертті.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
