Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий теңізінің таяздануы экожүйе мен теңіз өнеркәсібіне әсер ете бастады

Маңғыстаулық экологтар Қазақстан мен Ресей мол су ағынын Каспий теңізіне жіберу туралы келісімге келу керек деп санайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жақында Каспий теңізінің таяздануы ғарыштан түсірілген фотосуретте көрсетілді. Ол қазақстандық акваторияның солтүстік бөлігінде теңіз түбінің ашылғанын көрсетті. 

2008 жылы су беті 113 866,67 шаршы шақырым болса, биыл 105 745,23 шаршы шақырымды құрап отыр. Яғни, теңіз беті 8 мың шаршы шақырымға қысқарды. Қашықтықтан зондтау мәліметтері бойынша ең осал аймақ – Каспий теңізінің Атырау қаласына жақын бөлігі.

"Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі экожүйе мен теңіз өнеркәсібіне әсер ете бастады. Бұл қорқыныш тудырады", - деді табиғатты қорғаушылар.

Маңғыстаулық балықшылар теңіздегі балықтың азайып кеткеніне шағымдануда. Оның себебі судың ластануы және тасымалдаудың көбеюі.

Эколог Орынбасар Тоғжанов Каспий теңізінің таяздануын өзендерден келетін су мөлшерінің азаюымен байланыстырады. Өйткені Ресей аумағында көптеген су қоймалары салынып жатыр. Сарапшылардың пікірінше, екі ел Каспий теңізіне мол су жіберу туралы ортақ шешім қабылдауы керек.

Талқылау