Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий теңізіне мұнай төгіліп кеткен бе – Энергетика министрлігінің басшысы жауап берді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәжіліс кулуарында Каспий теңізіне мұнай құйылып кеткені туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

мұнай утечка

Галина Чернованың желідегі парақшасынан

Энергетика министрі басшысының сөзінше, Қашағандағы теңіз кешені жұмыс істеп тұрған уақытта бірде-бір рет мұнай төгілмеген, яғни мұндай жағдай тіркелмеген. 

"Сол себепті біз қазір ақпаратты тексеріп жатырмыз. Нақтырақ айтсақ, ғарыштан түсірілген суретті талдап жатыр, сурет анық болмай тұр. Сонымен қатар су айдыны аймағынан талдау үшін үлгі алынып жатыр, әзірге мұнай ағып кеткені туралы ақпарат расталған жоқ. Бірақ экологтар жұмысты жалғастырады", – деді Алмасадам Сәтқалиев. 

Журналистер министрден мұнай төгіліп кетуі мүмкін аймақты тікұшақпен аралап көре ме деп сұрады. 

"Егер тікұшақ қажет болса, әрине, қамтамасыз етеміз. Бірақ су үлгісін су көлігінің көмегімен алуға болады", – деп нақтылады Алмасадам Сәтқалиев.

Бұған дейін Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағына мұнай төгілгені туралы ақпарат тараған еді. 

Глобус орталығының атқарушы директоры Галина Чернова әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ғарыштық мониторингтің мәліметтері бойынша, 30 наурызда Каспий теңізіндегі Қашаған кен орны аумағында мұнай төгілуі анықталды. Ғарыштық мониторингті жүзеге асырған топтың мәліметінше, "eуропалық Sentinel-1A радиолокациялық суретінде қазақстандық Қашаған мұнай өндіру алаңының маңында төгілген төгінді көрсетілген", – делінген жазбада. 

Талқылау