Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуылдан соң Қазақстан 3,8 миллион тонна мұнай жоғалтты

Фото: КҚК

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Каспий құбыр консорциумына жасалған шабуыл салдарынан Қазақстан экспортта шамамен 3,8 миллион тонна мұнай жоғалтылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрдің айтуынша, 2025 жылға арналған жоспарлар артығымен орындалған. Қазір ведомство шикізат өндіру нәтижелерін қорытындылап жатыр. Ерлан Ақкенженов Каспий құбыр консорциумының нысандары маңында шабуылға ұшыраған танкерлердің ресми тіркелмеген кеме паркіне тиесілі емес екенін атап өтті.

“Олардың транспондерлері қосулы болған. Танкерлердің атаулары көрініп тұрды және оларды оңай табуға болатын. Яғни, бұл танкерлер ешқандай, “жасырын әрекет ететін флотилияға” жатпайды”, – деді энергетика министрі.

Оның сөзінше, кемелерге жасалған шабуылдар тасымалға әсер етпеген, бірақ сақтандыру құнын көбейту мәселесіне кесірі тиген.

Сонымен қатар, ол бір айдың ішінде БАӘ-ден Каспий құбыр консорциумы үшін екі жаңа қосымша кеме тұратын шығармалы айлақ жеткізілетінін айтты.

“Біз БАӘ-ден екі жаңа шығармалы айлаққа тапсырыс бердік. Олар дайын. Жеткізу мерзімі шамамен 30 күн. Қазір оларды кемелерге тиеу және Қазақстанға жіберу мәселесі шешіліп жатыр. Олар 30 күннен кейін келуі тиіс. Кейін олардың монтажы жүргізіліп, ескі шығармалы айлақтарға демонтаж жасалады. Бұл шамамен 40 күнге созылады. Жалпы, шығармалы айлақты орнатуға бізде 70 күн кетеді”, – деді Ақкенжанов.

2025 жылғы 29 қарашада Украина Каспий құбыр консорциумына шабуыл жасады. Каспий құбыр консорциумы арқылы Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың 80%-ы өтеді, ал мұнай – ел бюджетіндегі негізгі кіріс көзі.

2025 жылғы 30 қарашада Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі бұл әрекетті “агрессия актісі” деп атап, Украина тарапына Каспий құбыр консорциумы критикалық инфрақұрылымына жасалған тағы бір мақсатты шабуылға қатысты наразылық білдірді.

Оған жауап ретінде Киев Қазақстанды Ресей Қарулы Күштерінің өз нысандарына жасаған жойқын соққаларына жауап бермеді деп айыптады. 

2025 жылғы желтоқсанның ортасында Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов бұл шабуылдың кесірінен Қазақстан 480 мың тонна мұнай жоғалтқанын мәлімдеді. Бірақ соған қарамастан 2025 жылға арналған жалпы жоспар орындалатынын айтты.

Министр Каспий құбыр консорциумына Киевтің шабуылы әсер еткен бе деген сұраққа “Әрине, әсер етті” деп жауап берді.

STAN.KZ
Сәрсенбі, 28 Қаңтар, 2026 16:08