Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілді

Үкімет қаулысымен Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Аталған қаулы 13 қарашада қабылданды. 

"Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерінің тізімін (...) мынадай мазмұндағы тармақпен толықтырылсын: "128-1 Каспий итбалығы Pusa caspica Каспийский тюлень.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі", - делінген құжатта.


"Екі ғасырда Каспийдегі итбалықтар саны 10 есе азайды": Эколог Каспийдегі жалғыз жануардың жоғалып кету қауіпі туралы 


Айта кетейік, осыған дейін желіде Маңғыстауда суретке түсіру мақсатында итбалықтарды таяқпен және таспен ұрған видео пайда болған еді. Адамдардың жеке тұлғаларын анықтау және оларды жауапкершілікке тарту үшін Маңғыстау облысының орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы полиция департаментіне хат жолдады.

Кейінірек полиция видеоға қатысы барлардың жеке басын анықтады. Алайда олар жазаланбаған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий теңізінің жағалауындағы итбалық оқиғасына қатысты бұл оқиғаны "жабайылық" деп атады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр