Каскадер рекорд жасау үшін бірнеше рет өзін өртеген (видео)
Австриялық кәсіби каскадер Джозеф Тодтлинг Гиннесстің үш рекордын орнату үшін басын қауіпке тікті. Ер адам өзін бірнеше рет өртеген.
Мұнымен қатар австриялық өзін алдымен желіп жүрген жылқыға, кейін квадроциклге байлаған.
Бұл аса қауіпті сынақ жайлы түсірілген ролик YouTube желісіндегі Гиннесс кітабының ресми арнасында жарияланды.
Тодтлингке берілген тапсырма бойынша, жылқыға және квадроциклге байланып әрі отқа орана анағұрлым ұзақ қашықтыққа жүріп, рекорд жасауы тиіс. Сондай-ақ, каскадер тірі адамның отта өртену ұзақтығы бойынша да рекорд орнату үшін алты минут от үстінде тұрды. Ролик көрермендері ер адамның бұл әрекеттерден кейін шашын қалай сақтап қалғанына таңданды.
Талқылау