Кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов әлем чемпионаты алдында Қазақстан құрамасына қосылды
Екінші орта салмақтағы кәсіпқой боксшы Әли Ахмедов (19-1, 14 КО) Қазақстан құрамасына қосылды деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазір Қазақстан құрамасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына дайындалып жатыр. Бұған дейін бас бапкер Мырзағали Айтжанов командаға кәсіпқой боксшыларды да қабылдауға дайын екенін айтқан. Алайда Ахмедов әуесқой боксқа қайтып келуді жоспарламапты.
"Мен бокстан Қазақстан құрамасымен оқу-жаттығу жиынын өтіп жатырмын. 1 мамыр мен 14 мамыр аралығында Ташкентте өтетін әлем чемпионатында боксшыларымызға сәттілік пен жарқын жеңістер тілеймін. Алға Қазақстан", – деп жазды Ахмедов.
Еске салайық, Ахмедов 2022 жылдың қыркүйегінде рингке шығып, америкалыұ Габриэл Росадоны жеңген еді. Осылайша ол IBF North America мен WBC Silver белбеулерін алды.
Талқылау