Кәсіпкерлерді бопсалаған: Маңғыстау облысында қылмыстық топтың басшысы мен мүшелері ұсталды
Маңғыстау облысында 18 қыркүйек күні қылмыстық топтың жетекшісі мен үш қатысушысы ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәлімдеуінше, олардан атыс қаруы мен оқ-дәрілер тәркіленді.
"Олар облыстық және халықаралық трассаларда зат тасымалдайтын кәсіпкерлерден ақша бопсалап, қорқытқан", – деді ҰҚК баспасөз қызметі.
Жәбірленушілер анықталды, олардың арасында лауазымдық міндеттерін атқарып жүрген шекара қызметінің әскери қызметшісі болған.
"Соттың санкциясымен ұсталған адамдарға қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды. Жедел-тергеу шаралары жалғасуда", – деді комитет.
Талқылау