Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерлерден ақша талап еткен: Елордада ұйымдасқан қылмыстық топ ұсталды

ҰҚК-нің Нұр-Сұлтан қалалық департаменті этникалық қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекетін тоқтатты. 

Қылмыстық топ бизнеспен айналысушыладың өмірі мен денсаулығына зиян келтіру қаупі арқылы ақша өндіріп отырған, деп хабарлайды ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметі.

10 қыркүйекте елордада арнайы операция өткізіліп, оның барысында аталған қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелері ұсталды. Олар кәсіпкерлерден жалған қарызының орнына «Toyota» маркалы автокөлігін алғаннан кейін кейін құрықталды.

Ұстау кезінде айыпталушылардан 11 патроны бар Макаров жауынгерлік тапаншасы және 5 патроны бар травматикалық тапанша табылды. Ұсталғандар «Нұр-Сұлтан» ДП уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде

Талқылау