Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Amazon мен Google-дің негізін қалаушылар осы жүйе бойынша оқыған": Алматылық кәсіпкер ТМД-дағы ең ірі білім беру желісін қалай ашқанын айтты

Ұйымдасқан орта, қызықты әдістеме мен шынайы өмірге үйрету – осының бәрі Монтессори аталатын білім беру жүйесінің негізі. Бұл білім беру жүйесінің мәні неде және ол балалардың өз бетінше жұмыс істеуіне, жауапкершілігіне қалай әсер етеді? Қазақстанда және ТМД елдеріндегі ең ірі балабақшалар мен мектептер желісінің директоры, құрылтайшысы Регина Карибаева Stan.kz тілшісіне айтып берді. 

Регина Карибаева

Алғашында мектеп ретінде қаланған Монтессори орталығы бүгінде төрт балабақша мен екі мектептен тұратын желіге айналған. Білім беру ұйымдар желісі Алматы облысы мен Алматы қаласында орналасқан. 

Кәсіп иесі Регина Карибаеваның сөзінше, білім беру форматы халықаралық Монтессори білім беру жүйесінің талаптарына сай. Білім беру ұйымдарында халықаралық деңгейдегі мамандар жұмыс істейді, бағдарламада авторлық методика қолданылады.

“Біздің алғашқы балабақшамыз 2014 жылы ашылды. Кәдімгі қарапайым балабақшалардан еш айырмашылығы жоқ болатын. Кейіннен екі-үш ай өткен соң Монтессори білім беру жүйесі бойынша сарапшыларды тарттық. 2015 жылдан бастап осы бағытта жұмыс істейміз. Соның ішінде ағылшын тіліне енетін орта жасау арқылы балаларды оқытамыз”, – дейді Регина Карибаева.

Оның айтуынша, бұл білім беру жүйесі бүгінде әлем мемлекеттерінде жоғары бағаланады. 

“Неге бұл бағытты таңдадық? Себебі балаларды дамытуда бұл білім беру жүйесі жақсы нәтижелер көрсетеді. Ол баланың миының физиологиялық дамуы мен психологиялық дамуына тікелей негізделген”, – дейді кәсіп иесі.

Туған қызымыз 2,5 жасында ауыр жарақат алды

Регинаның сөзінше, бұл орталықтың ашылуына жеке өмірлерінде болған оқиға әсер еткен. 

“Мектептер мен балабақшалар желісінің ашылуы тікелей бастан өткерген жағдайымызға байланысты. Туған қызымыз 2,5 жасында ауыр жарақат алды. Осы ретте оның  денсаулығын қалыпқа келтіру жұмыстарын жасау керек болды. Бір жылдың ішінде оны емдеттік. Қызымызды беретін Монтессори орталығын таптық. Ол жерде баламыз өз бетінше жүре бастады. Үйімізге орталықтың орналасқан жері алыс болғандықтан жақын жерден балабақша іздедік, бірақ таба алмадық, барлығы тұрғылықты жерімізге алыс болды. Дәл осы кезеңде мұндай мектепті өзіміз ашсақ деген ой келді. Монтессори жүйесі бойынша маманды шақыру біздің кәсіптің дамуына алғышарт болды деуге болады. Осылайша, біз таңдаған бағыт өте сәтті болып шықты. Тек өз баламызға ғана емес, сол кезде біз қабылдаған барлық балаға бұл мектеп тиімді болды”, – дейді ол.  

Ең басты қиындық – кадрлардың жетіспеушілігі болды

Ерекше әдістеме бойынша білім берілетін орталықтың негізін қалаушы осы бағытта білімін, пайдалы дағдысын бөлісетін орындар табылмағанын сөз етеді. 

“Монтессори бағытында білім беретін, біліктілікті арттыратын мамандар, оқу орындары біздің елде болған жоқ. Ең жақыны Германияда болды. Ал қазір Монтессори білім беру жүйесі ТМД елдерінде, оның ішінде Ресейде енді-енді дамып жатыр. Қазіргі уақытта біздің мақсатымыз тікелей миссиямызға байланысты. Команда, ұйымның миссиясы әлемдегі барлық балаға барынша сапалы жақсы білім беру”, – дейді Регина Карибаева.

Ол Америкадағы мектептердің 5%-ы осы бағыттағы білім жүйесін ұстанатынын сөз етті. 

“Джеф Беззос, Google-ды жасап шығарған Сергей Грин сияқты танымал тұлғалар осындай жүйе бойынша білім алған. Бұған қоса танымал Sims ойынын, Википедияны жасағандар, Диана ханшайымның балалары, “Нобель” сыйлығының лауреаттары да осындай мектептердің түлектері. Бұл білім беру жүйесі ірі меценаттар және кәсіпкерлер тарапынан қолдау тапқан”, – дейді кәсіп негізін қалаушы.

Қазақстандағы, ТМД-дағы ең ірі білім беру мектептері

Регина Карибаева Монтессори мектептер мен балабақшалар желісі ТМД елдері ішіндегі ең ірісі екенін айтады. Онда мектепке дейінгі және мектептегі білім беру қызметі ұсынылады.

“Біздің балабақшалар желісі мектептер саны, филиалдар саны мен балалар саны бойынша ТМД-дағы, Қазақстандағы ең ірі желі болып есептеледі. Соңғы бес жылда біз ауқымымызды кеңейтіп жатырмыз”, – дейді ол.

Кәсіп иесі бизнесті кеңейту мақсатында биыл мектепке арналған ғимарат алу қажеттілігі туғандықтан сырттан қосымша инвестиция тарту қажет болғанын айтады. Осы уақытта кәсіпкер Jusan Bank қызметіне жүгініп, алдағы уақытта кәсібін кеңейтуге көмек болатын несие алыпты. 

“Бұл инвестицияны екінші деңгейлі банктен алуды жөн көрдік. Осы орайда Jusan Bank көмегіне жүгінуге шешім қабылдадық. Банк жобамызды қарастырып, өткен жылдың қыркүйегінде несие берді. Оған территориясы үлкен мектеп ғимаратын сатып алдық. 

Біз банкті екі көрсеткіш бойынша таңдадық. Бірі, Jusan Bank шағын және орта кәсіпті қаржыландыратын ДАМУ бағдарламасына қатысады. Екіншіден, жылдам әрі білікті банк қызметкерлері қатты ұнады. Олардың әлеуметтік кәсіпке қолдау көрсететіні, кәсібіміздің дамуына әсер ете алатыны маңызды болды. Сонымен қатар, банк кәсіпкерлер үшін өте ыңғайлы онлайн-сервистерді дамытып жатыр. Бұл тұрғыда Jusan Bussiness қосымшасын атап өткен жөн”, – деді Регина Карибаева. 

Ол банк таңдауда қателеспегенін айтады. Айтуынша банктің әлеуметтік бағытқа баса назар аударатыны ұнаған.

“Біз бұрын ғимаратты жалдайтынбыз. Банктен берілген несиелік қаражатқа мектепке арналған ғимарат алдық. Ал енді бұл ғимарат бізге тиесілі. Бұл бізге ары қарай да дамуға пайдалы болмақ. Банк мамандарымен жұмыс тиімді болды әрі жақсы әсер қалдырды. Өз ісіне деген адалдық, кәсібилікті көріп, клиенттері ретінде көңіліміз толады. Мамандар біздің жобаны іске асыру үшін көп тер төкті, тіпті түнгі 12-ге дейін жұмыс істейтін кездері де болған”, – дейді кәсіпкер.

Өз кезегінде оқу орталығының құрылтайшысы кәсіпкерлерге кеңестерін айтты. 

“Біріншіден, өзіңнің қолыңнан келетін нәрсені мінсіз жасау керек, кәсібің мен идеяларыңды беріліп жүзеге асыру қажет. Оны басқа адамдар үшін одан ары жақсы жасау керек. Егер бұл іс адамдарға қажетті болса, пайда әкелсе, онда саған да пайда мен табыс әкеледі”, – дейді кәсіпкер әйел. 

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген  07.04.21 ж. № 1.2.35/225/37 лицензия.

Талқылау