Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алғашқы 100 пайдаланушыға бонустар: АТФБанк кәсіпке арналған жаңа қосымшаны іске қосады

Біз үшін ең маңыздысы не? Әрине, уақыт! Оны үнемдеуге сіздерге АТФБанк көмектесетін болады. Жақын күндерде ол нарыққа ең мықты өнім – ATFBusiness шығарады. Бұл мобильді банкингтің соңғы заманауи нұсқасы ғана емес, сонымен қатар бұл қазақстандағы қарқынды дамып келе жатқан ШОБ сегментіндегі жеке кәсіпкерлер үшін нағыз сыйлық. Күту уақыты аз ғана, алайда өтінімді бүгіннен бастап берсеңіздер болады. «Кім жетті, сол ұтты» дейді, сондықтан да асығатын себеп бар! Бастапқы тіркелген 100 пайдаланушы АТФБанктен арнайы бонустық шарттарына ие болады!

Сонымен, сіз өз уақытыңызды бағалайсыз және сіз үшін әрбір секунд маңызды, өйткені жеткізу уақыты күйіп барады, серіктестер төлемдерді күтуде, басқа да төлемдерді ертеңге қалдыруға келмейді. Бұл жағдайда, ATFBusiness мобильді банкингі өзінің барлық функциясымен бірге сізге көмекке келетін болады. 

Өтінімді мына жерде қалдырып,  арнайы шарттарды алуға болады >>>

Ең бастысы – енді сізге қандайда бір операцияларды жасау үшін банк бөлімшесіне келудің қажеті жоқ, бір бассаңыз болғаны. Виртуалды көмекші сізге тәулігіне 24 сағат көмек көрсететін сенімді досқа айналады. 

Мобильді қосымшаның мүмкіндіктері шексіз. ATFBusiness-ті кез келген девайстарыңыздың біріне жүктей отырып, сіз төлемдер мен аударымдарды орындап қана қоймай, сонымен қатар шоттағы қалдықты тексере аласыз, ақша қаражатыңыздың қозғалысын бақылайсыз және жаңадан шоттар аша аласыз. 

«ATFBusiness-ке назар аударудың тағы бір маңызды себебі, енді сізге қажет болатын online анықтамалардың барлық түрлері беріледі. Оларды біздің клиенттер филиал директорының электронды қолы,  бланктің шығыс және реттік нөмірі қойылған түрінде ала алады. Анықтама жылдам талап етілетін, мысалы тендерге қатысу үшін қажет болған жағдайда,  бұл мүмкіндік тіпті ыңғайлы. Анықтаманың жарамдылығы QR код арқылы расталады. Оны 3 тілде - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде алуға болады», - деді АТФБанктің ШОБ өнімдерін әзірлеу басқармасының бастығы Самал Кылышбаева. 

Қолданбаны орнату алдында күмәнмен қарау әсерінен арылу үшін оның демонұсқасын пайдалануға болады. Сосын, әбден көзіңіз жетіп, қажет екенін түсінгеннен кейін барып, өзіңіздің мобильді телефоныңызға орнатуыңызға болады. АТФБанк алғашқы тіркелген 100 пайдаланушысына алғашқы 3 айда кез келген арнайы қызметті пайдалануға мүмкіндік береді. 

Бірінші болу әрқашан тиімді екенін ескере отырып, толық ақпаратты мына жерден ала аласыз. Сіздің бизнесіңіз қосымшаның көмегімен әрқашан «қолжетімді» және сіздің бақылауыңызда болады!

Талқылау