Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Шымкентте 7,5 жылға сотталған білім басқармасының экс-басшысы азаматтықтан бас тартатынын айтты

 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 7 жыл бойы бзинесвуменнен қамқоршылық жасағаны үшін ақша алған минимстрліктің лауазымды қызметкеріне үкімшығарды. Ол бұл қаржыға жеке мектеп салып, қолданысқа берген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сот мәліметінше айыпталушы 2016-2023 жылдар аралығында кәсіпкер әйелдің  білім саласындағы бизнесіне қамқоршылық жасау арқылы көмектесуге уәде беріп, барлығы 124 миллион теңгеден аса қаржы алған. Кейін бұл қаржыға Шымкент қаласының аумағында жеке меншік жалпы білім беретін мектеп соғып, оны пайдалануға тапсырған. Осылайша сотталушы қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастырған.

Бұдан бөлек айыпталушы 2021 жылы кәсіпкер әйелге қатысты қозғалған істі тоқтатып беремін деп тағы 10 миллион теңге алған. Сотталушының кінәсі олардың ішінара мойындап берген жауаптарымен, жәбірленушінің және куәлердің жауаптарымен, заттай дәлелдемелермен, сот сараптамаларының тұжырымдарымен, жасырын тергеу әрекеттерінің нәтижелерімен дәлелденеді.

Сот үкімімен экс-шенеунік 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды. Ал сыбайласына 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындалды. Ал кәсіпкер әйелге өтемақы ретінде 67,4 миллион теңге өндірілді.

Бірақ бұл үкімге айыпталушы келіспейтінін айтты. Сөзінше, кәсіпкер қарызын қайтарған. 

"Эльмира Дүйсенқызы менің қарызымды төледі. Менің қарызымды менің есепшотыма аударды. Мен мемлекеттік қызметте істеп отырып, мен параны өз шотыма аударамын ба?! Мен ақымақ емес шығармын?! Біз 17 жыл бір-бірімізбен отбасы болып араластық. Эльмираның қарыз бергенім туралы қолхатын бергенде судья алған жоқ. Енді сол 60 миллионды менің мойныма іліп жатыр. Мен оған келіспеймін. Мынандай заңсыздықпен мен және менің отбасым шыққасын Қазақстанда тұрмаймыз", – деді ол. 

Азаматтықтан бас тартамын деген сотталушы соттың әділетсіз үкім шығарғанын айтып шағымданды. Айта кетейік,Түркістан облысы білім басқармасын басқарған оның кәмелет жасына толмаған 6 баласы бар. 

Назархан Уән
Бейсенбі, 03 Шілде, 2025 20:46
Талқылау