Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға қазақстандық кәсіпкер 22 миллион теңгенің көлігін сыйлады (видео)

Кәсіпкер Көңілбай Шүкенов журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға 22 миллион теңгенің көлігін мінгізді. Журналист 31 жасқа толған туған күнінде жақын достарының басын қосты. 

Нұрсейіт Жылқышыбай 31 жасқа толған туған күнін жақын достарымен атап өтті. Бизнесмен, кәсіпкер, журналист, дос-әріптестердің басы бір дастарқан басында қосылды. Олар туған күн иесіне ақ тілегін арнап, сый-сыяпатын жасады. 

Кәсіпкер Көңілбай Шүкенов құны 22 миллион теңге тұратын су жаңа Toyota Land Cruiser 200 көлігін тарту етті.

“Қазір журналист көп көй. Мен Нұрсейіт бауырымды тәуелсіздігі үшін жақсы көрем. Ешкімнің айта алмай жүргенін, бұғып қалмай, ешкімнен жасқанбай, жетер жеріне жеткізіп айтады. Қанша мұқтаж жанға қол ұшын созды. Қазақ еліне қызмет етіп жүрген игі жақсының басын қосып жатыр. Қазақтың жігіттерін жылатып жүрген жалғыз журналист жігітсің. Саған келсек, жылағымыз келіп тұрады. Соған орай сенің туған күніңе не істеуге болады деп ойлана келе, су жаңа көлік мінгізгім келіп тұр. Мен жаяу жүрсем де, сендер жаяу жүрмеңдерші. Тәуелсіз журналистердің ішінде топ жарып жүрген өзіңсің”, – деді Көңілбай Шүкенов. 

Нұрсейіт Жылқышыбай өзін бұл сыйлыққа әлі лайық емес екенін айтып ағынан жарылды. 

“Менің қуанышыма сіздердің келгендеріңіздің өзі мен үшін үлкен сый, құрмет. Бейсен Құранбек, Нұртілеу ағаларымыз, кеше ғана өмірден озған Амангелді Сейітхан ағамыз осындай сыйлыққа лайық еді. Бірақ олар ондай сый алмай кетті. Мен олардың тырнағына да татымаймын. Мен мұндай сыйлыққа лайық емес едім. Аяз би әліңді біл, құмырсқа жолыңды біл дейді ғой. Алғыстан басқа айтарым жоқ. Жігіттерді мен жылатушы едім, енді өзімнің жылағым келіп тұр. Сөзбен айта алмайтын күйдемін. Мұндай сыйлық аламын деп ойламадым”, – деді Нұрсейіт.

Әріптестері Нұрсейіт Жылқышыбайдың еңбекқор жігіт екенін айта келе қазақ журналистикасында 30 жасында үлкен сый алған алғашқы азамат екенін атап өтті.

“Қазақ журналистикасында мұндай сый болмаған. 30 жасында ешкім мұндай қымбат көлікті сыйға алмаған шығар. Нұрсейіт өзінің еңбекқорлығымен жетті. Көлігі жүрмей, бензин таба алмай қалған күндерден бірге келе жатырмыз. Осы уақытқа дейін қанша мұқтаж отбасыға қол ұшын созды. Бұл соның қайтарымы шығар”, – деді достары. 


Талқылау