Кәсіпкер Вячеслав Ким Alatau City Bank-тің 20% акциясын сатып алды
Фото: Kaspi.kz
Қазақстандық кәсіпкер Вячеслав Ким Ғалымжан Есеновтен Alatau City Bank акцияларының 20,1%-ын 40,9 миллиард теңгеге сатып алғаны белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мәміле First Heartland Securities компаниясы арқылы жүзеге асқан. Ақпарат қаржылық есеп беру депозитарийі (ДФО) сайтында жарияланған.
Айта кетейік, бұған дейін Alatau City Bank акцияларының 79,89%-ы Ғалымжан Есеновке First Heartland Securities компаниясы арқылы тиесілі болса, қалған 20%-ын ол тікелей өзі иеленген еді.
Kaspi.kz акционерлерінің бірі Вячеслав Ким Jusan Bank-ті сатып алмақ
Қазақстандағы ең бай адамдар рейтингінде деректер жаңарды: Вячеслав Ким қайтадан көш бастады
Алдымен Вячеслав Ким First Heartland Securities компаниясын Есеновтен сатып алды (мәміле құны жарияланбаған). Одан кейін, 2024 жылдың шілде айында, дәл осы компания арқылы Alatau City Bank акцияларының 20,1%-ын сатып алды. 33 миллион акция үшін Есеновке 40,86 миллиард теңге (сол кездегі бағаммен шамамен 79 миллион доллар) төленген.
"Ручная экономика" Telegram-арнасы авторларының мәліметінше, бір акцияның құны 1 238 теңге болған. Егер Есенов Кимге банк акцияларының 79,89%-ын дәл осы бағамен сатқан жағдайда, мәміле сомасы 200 миллиард теңгеден асар еді. Алайда, Вячеслав Кимнің Ғалымжан Есеновтен First Heartland Securities компаниясын қандай шарттармен сатып алғаны белгісіз күйінде қалып отыр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы ең бай адам Вячеслав Ким Kcell акцияларының 24%-ына иелік ететіні туралы жазған едік.

Шетелде бірнеше мүлкі бар, Құлыбаевтың компаниясында директор: Басы дауға қалған Олжас Байділдинов туралы не белгілі
