Кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзовтің қызметкерлері өздеріне сыйға берілген пәтерлерін көрді
Фото: Баян Алагөзованың желідегі парақшасынан
Танымал продюсер әрі актриса Баян Алагөзованың күйеуі, "Maxi Шай" сусынын өндіретін Galanz Bottlers компаниясының иесі Тұрсынғали Алагөзов мамыр айының соңында жүзге жуық қызметкеріне Алматыдан пәтер сыйлаған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2025 жылдың 20 маусымында сол пәтерлердің алғашқы иелері жаңа үйлерін алғаш рет көрді. Олардың фото және видеолары Баян Алагөзованың Instagram парақшасында жарияланды.
"Бүгін Galanz Bottlers компаниясының қызметкерлері күйеуім сыйлаған жаңа пәтерлерін алғаш рет көрді! Әрқайсысы үшін шын жүректен қуаныштымын", – деп жазды Баян Алагөзова.
Сол күні алғашқы 30 қызметкерге пәтер кілттері табысталды. Қалғандары үйлер толықтай дайын болған кезде алады.
Фото мен видеоларда қуанып тұрған қызметкерлер жаңа пәтерлерінің кілттерін көрсетіп, есіктерінің алдында тұр. Барлық есіктердің түрі бірдей, тек пәтер нөмірлері ғана әртүрлі, сондықтан қызметкерлердің бәрі бір үйден пәтер алған болуы мүмкін.
Видеодан жаңа пәтерлердің іші де көрінеді, барлығы қарапайым (черновая отделка) күйде берілген, яғни жөндеу жұмыстары жасалмаған. Пәтерлердің нақты қанша бөлмеден тұратыны белгісіз. Айта кетейік, 2025 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша жаңа үйлердің шаршы метрі 468,8 мың теңгеден 498,2 мың теңгеге дейін, яғни 6,3% өскен.
ҰБТ-дан 140 балл жинаған тағы бір алматылық оқушыға пәтер берілді
Еске салайық, бұған дейін танымал продюсер Баян Мақсатқызының күйеуі Тұрсен Алагөзов өзінің компаниясында қызмет еткендерге пәтер кілтін табыстады. 15 жылдан астам қызмет еткен 100 адамға 100 пәтер берді. Сондай-ақ ол баспанаға мұқтаж адамдардың басым бөлігі – қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өтті. Мысалы, еден жуатын кісілер, жүргізушілер, жүк тасымалына жауапты адамдар.

"Насыбай секілді жиіркенішті заттардың қалдықтары жатыр": Сайран жағалауын қоқыстан тазартқан жігіт желіде мақтау жинады
