AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер Константин Авершин мәжіліс депутаты болды

Қоғам қайраткері, кәсіпкер Константин Авершин мәжіліс депутаты болды. Ал депутат Мұхтар Ерманның өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орталық сайлау комиссияның қаулысымен Amanat партиясының тізімі бойынша қоғам қайраткері, кәсіпкер, Алматы қаласы мәслихатының VI шақырылым депутаты Константин Авершин мәжіліс депутаты болып тіркелді.

Конституцияға сәйкес, мәжіліске жаңа сайланған депутат Қазақстан халқына ант береді.

"Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутат ретінде өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерді адал атқаруға ант етемін", – деді Авершин сәрсенбіде өткен мәжіліс отырысында.

Авершин мәжілістің халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің құрамына сайланды.

Сондай-ақ отырыста мәжіліс депутаты Мұхтар Ерманның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселе қаралды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісовтің айтуынша, Ерман депутат міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берген.

Осыған орай ОСК мәжіліс назарына Ерманның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыным енгізді. Депутаттар қаулыны қолдап дауыс берді.

Осыдан кейін экс-депутат Мұхтар Ерман Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметіне тағайындалды.

Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов Мұхтар Ерманға атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, жаңа қызметіне табыс тіледі. Сонымен қатар бұрынғы әріптесін арнайы дайындалған Алғыс хатпен марапаттады.

Мұхтар Ерман әріптестеріне ризашылығын білдіріп, ОСК мүшесі ретінде сайлау жүйесін жетілдіру жолында білімі мен тәжірибесін аянып қалмайтынын атап өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр