Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қалыңдығының бетін сүйген кәсіпкер 5 минуттан соң көз жұмды

Бразилиялық кәсіпкер қалыңдығын сүйгеннен кейін бірнеше минут өткенде қайтыс болды. 

Жас жұбайлар бұл салтанатты Сан-Паулуда ашық ауада өткізуге шешім қабылдады.

Жақын арада үйлену тойын өткізбек болған 24 жастағы Джоао Гильерме Торрес Фадини мен оның достары өзенде шомылып, көңіл көтереді.

Бір уақытта күйеу жігіт қалыңдығының бетінен сүйіп, суға сүңгіп кетеді. Ол қайтып су астынан шықпай қалды. Достары мен қалыңдығы өздігінен адам таба алмаған соң құтқарушыларды шақырды.

Фадинидің денесі бір жарым сағаттан кейін табылды.

Талқылау