Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпкер: Гауһар Әлімбекова 2 миллион теңге алып қайтармай қойды

Серік есімді жас кәсіпкер Гауһар Әлімбеованың өзінен алған ақшасын қайтармағанын айтып жазба жариялады. Айтуынша әнші 2 млн теңгесін қайтармай қойған. Дау әншінің концертін ұйымдастырудан басталған.

Бұл туралы кәсіпкер парақшасында жазды.

"Достар, сіздерге мынадай бір оқиғаны айтқым келеді. Тамыз айының соңында Гауһар Әлімбековаға хабарласып, оның жеке концертін өткізуді ұсындым. Концерт Ақтөбе, Орал, Құлсары, Бейнеу, Ақтау қалаларында өтуі тиіс болған.

Қаламақысы 4 млн теңге болды. Оны жартысы алдын ала беруім керек еді. Барлық жарнамалық жұмыстарды атқардық, әншіні ұшып келуін, жатар жерін өз мойнымызға алдық. 23 қыркүйекте мен әншіге 2 млн теңгесін бердім", - деп жазды кәсіпкер.

Серіктің айтуынша, Гауһар Әлімбекова концерт өтпейтінін біле тұра 2 млн теңгені қайтармай қойған.

"Біз бір бірімізге сенгендіктен келісім шарт жасасқан жоқпыз. БІз ауызша келістік. Концерт жақындағанда билеттер өтпеді. Мен әншіге хабарласып, концерттен бас тарттым. Зал мүлде толмады. Әншіден қаламақыны қайтаруды сұрадым. Ол қайтармайтынын айтты. Мені қара тізімге қойып, мүлде жауап бермей қойды. Мен Енді Инстаграм арқылы айтуыма тура келіп тұр", - деді ол.

Желі қолданушыларыны бір тобы әншіні даттаса, бір тобы кәсіпкерді даттады. 

STAN.KZ
Дүйсенбі, 01 Маусым, 2020 12:48
Талқылау