Кәсіпкер Бауыржан Оспанов Асқар Жұмаділдаевқа көлік мінгізген
Қазақстандық кәсіпкер Бауыржан Оспанов ғалым Асқар Жұмаділдаевтың 50 жылдық мерейтойына көлік мінгізген. Бұл туралы Ардабек Солдатбай жазды.
Жұмаділдаев ердің жасы 50-ге толған кезде (бүгінде 60-ты алқымдады) қуанышын әріптестерімен бөлісуді жөн көрген. Ол ғалымдар үйінде жиын өткізіп, артынша дастархан жайды. Жиынға Жұмаділдаевтың әріптестерінен өзге екі адам қатысқан. Олардың бірі – ғалымның филолог танысы болса, екіншісі қазақстандық кәсіпкер Бауыржан Оспанов. Кеш барысында Бауыржан Оспанов ғалымға көлік мінгізген. Алайда кішіпейіл кәсіпкер қымбат сыйлығын ел алдында жария етуге асықпаса керек-ті.
Ардабек Солдатбай Бауыржан Оспановтың қарапайымдылығына қайран қалып, қысқаша әңгіме жазды. Ол қалтасы қалыңдаса да, кішіпейілдігін, қарапайымдылығын жоғалтпаған кәсіпкерден үлгі алуға шақырды.
Назарларыңызға БАҚ өкілінің әңгімесін ұсынамыз.
«Ғалым ағамыз Асқар Жұмаділдаевтың 50 жасқа толған мерейтойына орай Ғалымдар үйінде жиын өтеді. Жиыннан соң 15-20 адамға арналған дастархан жайылып Асекеңнің жақын достары жеке қалады. Барлығы дерлік өзі секілді математик, академик, профессорлар болса керек. Араларында бөтені екі-ақ адам: бірі – Асекеңнің таныс филологы, екіншісі – миллионер Бауыржан Оспанов екен. Математиктердің әңгімесі бөлек. Екеуі оларды бірде түсінсе, бірде түсінбей көп отырады. Жиыны бар, дастархандағы уақыт бар, 4-5 сағат өтеді. Бауыржан кетпей әлі отыр. Академиктер шетте отырған қара балаға қарайтын емес. Филолог ағамыз неге кетпей отырсың десе, Баукең көліктің кілтін көрсетіп, осыны беріп кетейін деп едім дейді. Сосын тағы біраз күтіп, бір пауза бола қалған кезде филолог “мынау жігіт арамыздағы басқа саланың өкілі, бизнесмен бауырымыз екен. Құттықтауға келіпті. Сөз берейікші” деп жалынғандай болып сөз кезегін сұрайды. Академиктер ол қайдан жүр дегендй жақтырыңқырамай қарап қояды. Баукең қысқа ғана құттықтап, су жаңа көліктің кілтін тапсырып жөнеліпті. Мұндайды Асекең де күтпесе керек, ауызы аңқиып қала беріпті.
Неткен қарапайымдылық десейші. Баукең “миллионермін” деп шіренбей, кішілік танытып бален сағат күтіп отырған. Асекең “академикпін” деп шіреніп, ешкімнен қымбат сый күтпеген. Сөйтіп, оған дейін жаяу жүрген академик ағамыз көлікті болыпты. Үлгі алсаң, осы кісілерден ал, қазақ баласы».
Естеріңізде болса, Бауыржан Оспанов қыздар арасында бокстан әлем чемпионы Назым Қызайбайға үй салып берген болатын.
Жіберіп алмаңыз:
Қостанай облысында 8 баланы асырап алған отбасыға жаңа баспана берілді
13 жасқа толған ақын бала Жамбыл қалыңдық айттырып сырға салды
Күйші: Домбырамды су жаңа «Тойота Камри 40» көлігіне айырбастамай қойдым