AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.59 $
0.17 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ресейлік кәсіпкер әлеуметтік желідегі жазбасынан кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады

Қазақстандағы және ТМД аумағындағы танымал мейрамханалар иесі Александр Орлов Telegram-арнасында жазба жариялап, Қазақстанға жұмыс күшін алып келуді ұсынған еді. Әлеуметтік желіде сынға ұшыраған кәсіпкер кейін қазақстандықтардан кешірім сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Орлов

Кәсіпкердің жазбасы бірнеше күн бұрын жарияланған. 

"Орталық Азияда білікті жұмысшылар аз, оларды табу қиын. Сондықтан бұл аймақта жұмыс бастайтын болсаңыздар, қызметкерлерді шетелден алып келуге тырысыңыздар. Қазақстанға сырттан адам әкелу оңайырақ",  – деп жазды кәсіпкер.

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен жазба астында қазақстандықтар пікір қалдырып, өздеріне тіл тигізгенін мәлімдеді. Сонымен қатар кәсіпкердің мейрамханаларына бармауға шақырып, бойкот жариялаған.  Желі қолданушылары Орловтың мейрамханасында бұрын орын алған жағдайды да еске алды. Бұл кезде кәсіпкер өз мекемесіне тағамдардың дәмін сынау үшін қонақтар шақырып, кейін қонақтарға мысықтың етін жегізгенін мәлімдеген.

"Несі бар? Сендер жылқы жейсіңдер ғой", – деп жауап берген еді Орлов қонақтар наразылығына. 

Қазақстандағы жұмыс күші туралы жазбасынан кейін бірнеше күн өткен соң кәсіпкер кешірім сұрады. 

"Менің оқырмандарымның арасында қазақстандықтар көп деп ойламап едім. Мен Қазақстанды, оның дәстүрін, мәдениетін жақсы көремін. Мұнда достарым мен серіктестерім көп. Балалық шағым Қазақстанда өтті, сондықтан жаным қазақ деп санаймын. Қымызды, бешбармақ пен қазыны ұнатамын. Осында кәсіп ашып, инвестиция құйғаннан ләззат аламын. 2012 жылдан бері Қазақстан азаматтары үшін 750 жұмыс орнын бердік. Сонымен қатар жыл соңына дейін тағы 150 орын береміз деп жоспарлап отырмыз. Қазақстан – көпұлтты мемлекет, әрі ешкімге тіл тигізгім келмеді. Егер біреуді ренжітсем, кешірім сұраймын", – деп жазды Александр Орлов. 

Сонымен қатар Орлов қонақтарға мысық еті ұсынылмағанын, мұның жай әзіл болғанын жазды. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр