"Қасында жүрмін": Жұлдыз Әбдікәрімова Қайрат Нұртастың концерті алдында қолдау білдірді

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова күйеуі Қайрат Нұртасқа қолдау білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Айта кетейік Орталық стадионда Қайрат Нұртас жеке шығармашылық кешін бермек.
“Неғып жатырсыздар? Жүрміз ғой басы-қасында. Бәрі бақылауда. Уайымдамаңыздар", – деп жазды өнер иесі.
Одан кейін концерттің керемет ұйымдастырылып жатқанына да сендірді.
“Дайындық. Мына масштаб бұрынғыдан бөлек болайын деп тұр. Сахнада сіздер біле білмейтін талай қызықтар болады. Ертең келіп, көзбен көріңіз", – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Еске салайық, Қайрат Нұртастың жеке пәтері жұрт назарына іліккен еді. Көпшілік оны Жұлдыздан бөлек тұрады деп болжаған еді.
Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге қосымша кәсіп ашуға рұқсат берілді: Бұл кімдерге қатысты
Алдын ала "бизнес бастадым" деп жариялау міндеті жоқ дейді агенттік
Қазақстанды дүр сілкіндірген оқиға: Өзінен 12 жас үлкен әйелмен некелескен Кристина Чернышева оның қолынан қалай көз жұмды
Қыздың денесі қаланың шетіндегі мола жанынан табылған