Қасымхан Алпысбайұлы Алматы қаласының бас санитар дәрігері болып тағайындалды
Денсаулық сақтау министрлігі аппарат басшысының бұйрығымен Қасымхан Алпысбайұлы Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жаңа басшыны ұжымға ҚР денсаулық сақтау министрлігінің аппарат басшысы Әбділдин Батырбек Сұлтанұлы таныстырып, алдағы қызметтеріне сәттілік тіледі.
Қасымхан Алпысбайұлы 21 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы (Түркістан облысы) Түлкібас ауданында дүниеге келген, ұлты қазақ.
2000 жылы Қазақ мемлекеттік медицина университетін гигиена және эпидемиология мамандығы бойынша бітірген.
2006 жылы Орталық Азия университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
2009 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін басқару мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 2000 жылы Бостандық ауданының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде бастады, әр жылдары Алматы қаласы аудандарының санитарлық-эпидемиологиялық қызметінде санитарлық дәрігер болып жұмыс істеді;
2009-2014 жылдары Алматы қаласы Жетісу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2014 жылдан бастап Алматы қаласы Медеу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қызмет басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.
Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап ол Алматы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы болып тағайындалды.
Еңбектегі жетістіктері үшін "Денсаулық сақтау ісінің үздігі", "Денсаулық сақтау саласын дамытуға қосқан үлесі үшін" ведомстволық наградаларымен, "Халық алғысы" медалімен марапатталған.

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
