Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің хатшысын тағайындады

Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sud.gov.kz

2024 жылғы 9 ақпан күні президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұйрыққа қол қойды.

“Мемлекет басшысының өкімімен Дәурен Болатұлы Мұратбеков Қазақстан Республикасы Жоғары сот кеңесінің хатшысы – аппарат басшысы лауазымына тағайындалды”, – деп жазылған ресми құжатта.



 

Айта кетейік, бұған дейін бұл қызметті 2015 жылдан бері Ануар Сабыров атқарған еді. Қаңтар айының басында ол қызметтен кетті. 

Еске салайық, 2024 жылы 6 ақпанда президент Тоқаев мәжілісте сөйлеген сөзінде премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынды. Бектеновтің кандидатурасын 69 мәжілісмен қолдаса, 7 депутат дауыс беруден қалыс қалды. Осылайша Олжас Бектенов Қазақстанның 12-премьер-министрі болып тағайындалды. Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Талқылау