Қасым-Жомарт Тоқаев: Жемқорларды ату жазасына қалай кесетінін көрдім

Қасым-Жомарт Тоқаев 1988 жылдары Қытайда жемқорлардың өлім жазасына кесілгенін көрген. Бұл туралы ол ресейлік журналист Алексей Пивоваровқа берген сұхбатында айтты, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев: АҚШ периздентіне қытайларды қуысқа тықпауға кеңес берер едім

"Президент 2.0" деректі фильмінде мемлекет басшысы Қытай елінде оқып, жұмыс істеген жылдарын есіне алды. Тоқаевтың айтуы бойынша, сол кезде ол Қытайдың оңтүстігінде орналасқан қалаларда өлім жазасы қалай жүзеге асырылатынын көрген. 

"Мен өзім бір рет стадионда жемқорларды ату жазасына қалай кесетінін көрдім. Жағымсыз әсер. Көздері байланған адамдарды жүк көліктерімен алып келіп, тізерлетіп отырғызды. Қандай жазаға тартылатынын хабарлап, әрқайсысын желкесінен атты", — деді президент. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайдың қылмыспен күресу әдісін еш сөкпейді.

"Егер олар мұндай жазаны жемқорлыққа ғана емес, ауыр қарақшылық шабуылдарға, зорлыққа, банкті тонауға қарсы қолданбаса, елдегі жағдайды басқара алмайды", — деді мемлекет басшысы. 

Сұхбат барысында Қасым-Жомарт Тоқаев аспан асты елінде жүріп, мемлекетті басқарудың қандай әдістерін үйренгенін айтып берді. Президенттің сөзнше, билік бірінші кезекте реформаларды ақырындап кіргізуге және оларды сәйкесінше деңгейде түсіндіруге мән беруі керек. Сонымен қатар, жемқорлыққа қарсы ауқымды шаралар қолға алынуы тиіс. Себебі, жемқорлық елді жойып жіберуі мүмкін. 

 

"Біз пиджакта туғанбыз, мен өзгермеймін": Тоқаев өзіне ширақ болу керек дегендерге
Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр