Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысу үшін Ұлытауға келді
Қасым-Жомарт Тоқаевты өңір орталығы Жезқазған қаласында Ұлытау және Қарағанды облыстарының әкімдері Берік Әбдіғалиұлы мен Жеңіс Қасымбек күтіп алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Президент баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ұлытау облысы мен Жезқазған қаласын дамыту жөніндегі жоспарын таныстырады.
Түстен кейін Президент Жошы хан тарихи-мәдени кешеніне барып, Ұлттық құрылтайдың алғашқы отырысына қатысады.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтай құру туралы жарлыққа қол қойған еді. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин айтқан. Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың құрамы мен ережесін де бекітті.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн