Қасым-Жомарт Тоқаев Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Украина Президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Украина тарапының бастамасымен өткен әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Зеленский бірін-бірі екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығымен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл атаулы күн 23 шілдеде атап өтіледі. Қасым-Жомарт Тоқаев осы кезең ішінде экономикалық және гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты дамытуда маңызды әрі оң нәтижелерге қол жеткізілгенін атап өтті.
Қазақстан Президенті БҰҰ-ның көмек көрсетуімен Украина астығын экспорттау жөніндегі Түркияда қол жеткізілген үшжақты келісімге оң баға берді.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы Украинадағы жағдайды дипломатиялық жолмен реттеуге қатысты Қазақстанның түбегейлі ұстанымын растады.
Талқылау

"Қазақ екеніме сенбейді": Ақтаулық жігіт желіде ерекше келбетімен көзге түсті
Желі қолданушысы: “Түрі қара болғанымен жүрегі аппақ бала”

"Екінші балаға бұл салт-жоралғы жүрмейді": Қазақстандық ата-ана құдаларынан босанған қызын 40 күнге жіберуге рұқсат сұрап, кәдесый алып келген
Дильназдың сөзінше, алғаш ана атанған қыз үшін туған анасынан артық жанашыр адам жоқ