Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев тхэквондодан қара белбеу иегері атанды

Фото: Akorda

Астанада Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа тхэквондодан 9-дан қара белбеу табысталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Марапатты Мемлекет басшысына Халықаралық тхэквондо федерациясының президенті Чунгвон Чо тапсырды.

Іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин де қатысты. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев тхэквондоның тек Олимпиадалық спорт түрі ғана емес, сонымен қатар тәртіп пен өзара құрметке негізделген маңызды философия екенін атап өтті.

Президент алдағы Kazakhstan Open 2025 халықаралық турнирі спортшылар үшін тәжірибе алмасу және шеберлікті арттыруға мүмкіндік беретінін айтты.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Чунгвон Чоға әлемдік тхэквондоны дамытуға қосқан еңбегі үшін "Достық" II дәрежелі орденін табыс етті. Рәсім соңында Қасым-Жомарт Тоқаев тхэквондо техникасын көрсетіп, арнайы тақтаны бір соққымен сындырып көрді.

Абылайхан Палмағанбет
Сейсенбі, 12 Тамыз, 2025 16:48
Талқылау
`