Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмоновты Ақордада қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шавкат Тоқаев

Президент отандасымызды жақында Лас-Вегас қаласында өткен UFC турниріндегі жеңісімен құттықтады.

“Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Рахмонов секілді мықты атлеттердің жеңіске деген ерік-жігері мен жетістігі өскелең ұрпақты жігерлендіретінін, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандыратынын айтты”, – делінген Ақорда хабарламасында. 



Сонымен қатар Президент спортшының алдағы уақытта биік белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді.

Өз кезегінде Шавкат Рахмонов арнайы қабылдағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты. Сондай-ақ ол жанкүйерлердің үмітін ақтап, еліміздің мерейін асқақтата беретінін жеткізді.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Рахмонов Астана қаласында кездескен еді. Өз сөзінде Тоқаев спортшыны жеке қабылдайтынын мәлімдеген. 

Назархан Уән
Дүйсенбі, 27 Наурыз, 2023 10:24
Талқылау