Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев: Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы президенттің қызметі мен елдегі басшылық құрам туралы сөз қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тоқаев

Тоқаевтың сөзінше, елде басшылық құрамды жаңарту жұмысы жалғасын табады.

“Мемлекет басшысы ретінде айтарым, министрлердің, әкімдердің және басқа да мемлекеттік қызметшілердің бойында негізгі екі қасиет болуы керек. Бұл – профессионализм, яғни нағыз маман болу және отаншылдық. Ал, олардың Президенттің жеке басына адалдығы мен үшін маңызды емес. Мемлекет басшысын мадақтаудан гөрі жұмысты адал атқарып, халықтың алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды. Барлық мемлекеттік қызметшілерге осыны айтқым келеді.

Жасалған реформалардан кейін Қазақстан президенті мемлекеттік басқарушы, яғни Конституцияда көрсетілген 7 жылдық мерзімге халықпен өзара келісімшартқа отыратын менеджер ретінде қызмет етеді. Президент – әулие емес, халықтан биік тұлға емес”, – дейді ол.

Айта кетейік, бұған дейін мемлекет басшысы Түркістанда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың екінші отырысында мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту туралы айтқан еді. 

Талқылау