AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
AAPL
148.56 $
0 %
TSLA
643.38 $
0 %
NDAQ
187.76 $
0 %
GOOGL
2660.3 $
0 %
FB
369.79 $
0 %
FRHC
65.1 $
0 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев өңірлерде көкөніс сақтайтын қоймалар салуды тапсырды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қуаңшылықтан зардап шеккен шаруаларға қолдау көрсету үшін бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Тек алты өңірде ғана көкөніс өнімдерін сақтау қуаты жеткілікті, олар – Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары. Ақтөбе облысында – 79%, БҚО-да – 56%, ШҚО-да – 50%-дан астам сақтау орындары ұзақмерзімді сақтаудың заманауи инфрақұрылымымен қамтамасыз етілмеген", – деп атап өтті президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Мемлекет басшысы бұл мәселені жүйелі түрде шешу қажеттігін атап өтті.

"Бұл мәселені жүйелі түрде шешу керек. Үкіметке әкімдермен бірлесіп, көкөніс қоймаларын салу және жаңғырту жоспарын әзірлеу тапсырылады. Біздің көптеген қолдау бағдарламаларымыздан қаражаттың бір бөлігін дәл осы мақсаттарға жұмсаңыздар", – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Өкінішке қарай, біздің елімізден бөлек, басқа аймақтардағы ауа райы да қолайсыз болып тұр. Соның салдарынан көршілес мемлекеттерде жем-шөпке деген сұраныс күрт артуы мүмкін. Үкіметке "Атамекен" ұлттық палатасымен бірлесіп, жедел түрде жем-шөпті сыртқа шығаруға уақытша тыйым салуды қарастыруды тапсырамын. Анағұрлым зардап шеккен фермерлерді қолдау үшін Үкіметті, әкімдіктерді және даму институттарын несиелерді қайта құрылымдау және жем-шөпке қосымша субсидиялар бөлу жұмыстары күтіп тұр", – деп атап өтті президент үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Сондай-ақ әкімдіктер мен әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялары және ҚР АШМ жедел түрде өзге өңірлерден жем-шөп сатып алу үшін жеңілдікті қаржыландырумен қамтамасыз ету керек.

"Бұл проблема қайталанады. Сондықтан жедел шаралардан басқа саланы жем-шөппен қамтамасыз етуді арттыру бойынша жүйелі шаралар қажет. Жем-шөп жинау жабдығын судсидиялауды жетілдіру, егін мен қоспа жемге арналған өнімдерді сатып алу көлемін ұлғайту қажет. Үкімет пен даму институттары жем-шөп өндірісі кезінде қуаңшылықтан сақтандырудың қолжетімділігін жақсарту мен арттыру бойынша шаралар қабылдауы керек", – дейді президент.

Сонымен бірге үкімет тарапынан, мемлекеттік және салалық институттардан болжау қызметі аса қажет.

"Ауыл шаруашылығы үшін жем-шөп – өндіріс, яғни бизнесті жүргізу факторларының бірі екенін ұмытпау керек. Біз нарықтық әлемде өмір сүріп жатырмыз, оның жағымды және жағымсыз жақтары бар. Сондықтан фермерлер жем-шөппен қамту мәселесіне асқан жауапкершілікпен қарауы тиіс. Ауыл шаруашылығы министрлігі, әсіресе мемлекеттік субсидия алу бойынша мониторингті күшейтуі тиіс. Бұл әділетті", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр