Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады

Фото: Ақордадан
Мемлекет басшысы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевты 85 жасқа толуымен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта мерейтой иесінің тарихи рөліне тоқталып, оның жаңа дәуірдегі қазақ мемлекеттілігінің бастауында тұрғанын және Қазақстан Республикасының қалыптасуы мен дамуына зор үлес қосқанын жазған.
“Сондай-ақ Мемлекет басшысы Тұңғыш Президенттің Қазақстан астанасын көшіру туралы шешімі ел экономикасын өркендетуге және мемлекеттің халықаралық беделін нығайтуға айрықша ықпал еткенін атап өткен.
Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевтың деніне саулық тіледі”, – делінген хабарламада
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді