Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев футболдан Қазақстан құрамасын жеңісімен құттықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Казастан состав футбол

Дерекккөз Vesti.kz

Президент Twitter-дегі парақшасында Қазақстан құрамасын Ұлттар лигасындағы топтағы жеңісімен құттықтап, алғыс айтты.

"Қазақстандық футболшылар Ұлттар лигасындағы өз тобында бірінші орын алды. Бұл үлкен жетістік. Спортшыларымызды құттықтаймын және осы танымал спорт түрінде жаңа жетістіктер тілеймін!" – деп жазды Президент.

Еске салсақ, бұған дейін футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Беларусь командасын тізе бүктіріп, Ұлттар лигасындағы өз тобында жеңіске жеткені жайлы айтылған болатын. Астанада өткен ойын 2:1 есебімен Қазақстанның пайдасына аяқталған еді. 

Талқылау