Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасым хан" сериялын түсіруге бөлінген қаржы ұрланды: "Қазақфильм" киностудиясы түсініктеме берді

Алматы бойынша экономикалық тергеу департаменті "Қасым хан" тарихи хикаясын түсіру кезінде 30 миллионға жуық қаражат ұрланғанын анықтады. Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматы қаласының экономикалық тергеу департаменті "Қазақфильм" АҚ "Қасым хан" киножобасы" филиалының директоры К.С.Ахметовқа және басқа да адамдарға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

"Олар пайдакүнемдік мақсатта қызметін пайдаланып, алдын ала сөз байласып, ірі көлемде бөтеннің мүлкін жымқырған", - деді ҚР ҚМ қаржы монитрингі комитетінде.

Тергеу барысында қатысы бар адамдардың қызметтік жағдайын пайдаланып, тарихи сериалдың түсірілімінде пайдалану үшін пиротехниканы сатып алуға бөлінген 29,9 миллион теңге сомасындағы бюджет қаражатын ұрлағаны дәлелденді.

"Сотқа дейінгі тергеу сатысында "Қазақфильм" АҚ-ға келтірілген залал толық көлемде өтелді. 

Сот үкімімен айыпталушылар ҚР ҚК-нің 189-бабы, 3-бөлігі, 1, 2-тармақтары бойынша кінәлі деп танылды, "Қазақфильм" АҚ "Қасым хан" киножобасы" филиалының бұрынғы директоры 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Ал оның екі сыбайласының 3 жылға дейін бас бостандығы шектелді. Бұл іске қатысты осы екі адам пробациялық бақылауға ілініп, 100 сағаттық мәжбүрлі еңбекті өтеуге міндеттелді", - деді ведомствода.

Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында жағдайға қатысты түсініктеме берді.

" Куаныш Ахметов продюсер болып жұмыс істеген Қасым хан" жобасы 2018 жылы іске қосылды. Бастапқыда картинаны түрік режиссері Метин Гүнай түсіруі керек еді, бірақ кейінірек ол бас тартты. Түсірілім сол күйі басталған жоқ.

2020 жылы жоба концептуалды форматты өзгертіп, "Ұлы дала таңы"а тты толық метражды көркем фильмге айналды. Жаңадан құрылған түсірілім тобын режиссер Ақан Сатаев басқарды. Қазір түсірілімге дайындық процесі жүріп жатыр.

"Ұлы дала таңы" жобасының имиджіне нұқсан келтіруді болдырмау мақсатында біз сериал мен толықметражды фильмнің жекелеген жобалар екенін атап өтеміз", - деп атап өтті "Қазақфильм" баспасөз қызметі.

Талқылау