Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіби армия жасауға Қазақстанның қаржылық қауқары жетпейді – Қорғаныс министрлігі мерзімді әскери қызметтен бас тарту туралы

Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі Руслан Жангулин кәсіби армия жасауға Қазақстанның қаржылық қауқары жетпейтінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: shutterstock

Ведомствоның ресми өкілі кәсіби армияның өте қымбат тұратынына алға тартты.

"Бүгінде біздің мемлекет мұны қамтамасыз етуге қабілетті емес. Біз қарулы күштерімізді, басқа әскери күштер мен әскери құрамды толықтыруды әлемдік тәжірибеге сай жүргізіп жатырмыз", – деді Руслан Жанғұлин.

Ол сонымен қатар соңғы кезде әскери қызметкерлердің суицидіне қатысты пікір білдірді.

“Алматыдағы жағдайда келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери қызметкер отбасылық-тұрмыстық келіспеушілік салдарынан өз-өзіне қол жұмсаған. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр”, – деді ол. 



“Петропавлдағы жағдайда суицид әскери бөлімшенің орналасқан жерінен тыс жерде жасалған. Денесі бір үйдің кіреберісінен табылды. Қылмыстық іс қозғалды, тергеу жүргізіліп жатыр.

Арыс қаласындағы жағдайда келісімшарт бойынша жұмыс істеген әскери қызметкер отбасылық тұрмыстық конфликт болған. Әкесімен жанжалдасып қалып, салдарынан оқ жарақатын алған. Қазір ол Астанада, әскери-клиникалық госпиталда емделіп жатыр. Оның жағдайы тұрақты, өміріне қауіп жоқ”, – деп қосты ол. 

Талқылау