Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үштен көз ашпайды": Қашықтан оқу қазақстандық оқушылардың үлгерімін нашарлатып жіберді

Қашықтан оқу қазақстандық мектеп оқушыларының оқу үлгерімінің нашарлауына алып келді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап. 

Қазақстандық оқушылардың үшінші тоқсандағы орташа бағасы - үш. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында білім сапасы тек 59% -ды құрады.

Мамандар дабыл қағып, оқу үлгерімі төмен оқушыларды бағдарламаны "қуып жетуі" үшін жазда оқытуды ұсынады. Бірақ ата-аналар мен балалардың өздері бұған үзілді-кесілді қарсы. 

"Баланың қазірдің өзінде шаршап кеткені байқалады. Оған демалу керек. Сондықтан, демалыс уақытында оқудың қажеті жоқ. Каникул каникул болып қалуы керек", - дейді ата-аналардың бірі Сәкен Мұдатов. 

Психолог Райса Байдалиева да балалардың демалуы қажет екенін алға тартты. Көрсеткішке қол жеткіземіз деп, балаларды қажытып жібермеу керек екенін айтты маман. 

"Жазда жұмыс жасаса, мұғалімдердің өзі де шаршап қалады. Демалыссыз оқу оқушыларға тіпті қиын. Мұндай жағдайда балалардың қалауын ескеру керек. Білім беру жүйесін қайта құрып, балалардың қызығушылығын арттыру қажет", - дейді Райса Байдалиева. 

Алайда жергілікті шенеуніктер балаларды жаз мезгілінде оқытуға дайындықты бастап кетті. "Дарын" орталығында барлық сабақтар оқытылады деп жоспарлануда. Олардың айтуынша, ЖОО студенттері мен оқытушылары мұғалімдерге көмекке келеді. 

"Олар бізде тегін білім беретін болады. Оған қоса, шығармашылық ұйымдардан да мамандар шақырып жатырмыз. Балаларға қатты күш түспейді. Сабақтар ойын түрінде ұйымдастырылады", - дейді "Дарын" қосымша білім беру орталығының директоры Гүлсім Дүйсенғалиева. 

Әзірге оралдық оқушылар жазда мектепке бара ма, бармай ма белгісіз. Шешім оқы жылының соңында шығарылады. 

Дана Русланқызы
Бейсенбі, 08 Сәуір, 2021 10:17
Талқылау