Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қашықтан оқыту: Алматыда 75 мыңнан аса оқушыға компьютер жетпейді

Алматыда 75 мыңнан аса оқушы мен 2 мың мұғалімге компьютер жетпейді. Бұл турал білім басқармасының басшысы мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Жұбановтың айтуынша, қазіргі таңда мәселені шешу үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. 

"Балалар мен мұғалімдерді компьютерлік техникамен қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жүргізілді. Нәтижесінде 75 мыңнан аса бала мен 2 мыңнан аса мұғалімді компьютермен қамтамасыз ету керегі белгілі болды. Аталған мәселені шешу үшін жұмыстар ұйымдастырылды", - деді Қайрат Жұманов ӨКҚ онлайн-брифингте.

Мемлекеттен бөлек, балаларды техникамен қамтамасыз ету үшін жеке кәсіпкерлер мен еркітілер көмектесіп жатыр.

"Жергілікті бюджет ақшасынан 20 мыңнан аса компьютер алынады. Бүгінде барлық келісімшарт жасалды, жеткізіп беруін күтіп отырмыз. 38 мыңнан аса компьютер техникасы, оның ішінде ноутбук, планшетті Үкіметтің резерв қорының ақшасына алынады. Сондай-ақ 22,5 мыңнан аса аз қамтылған отбасыға компьютерлік техника жергілікті бюджеттің ақшасына алынады. 14 мыңнан аса компьютер мектептен оқушыларға уақытша беріледі. Бұдан бөлек 150 ноутбукты СІМ, сондай-ақ Қазақстандық дипломаттар бірлестігі және ҚР балалар құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин берді. Олар аз қамтылған отбасылардың балаларына таратылды", - деді Қайрат Жұманов.

Еске салайық, биыл ЖОО, мектеп және колледждердің жұмысы қашықтан басталады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр