Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үкіметін қашан әйел басқарады – Тамара Дүйсенова жауап берді

Үкімет отырысынан кейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан журналистер тәуелсіз Қазақстан тарихында әйел премьер-министр болмауының себебін сұрады. Ол “премьерлікке лайық әйелдер жоқ па?” деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Үкімет

"Қарасақ, бізде өндірісте де, министрлікті де басқаратын көптеген жақсы қыздар бар. Егер біз жақсы жұмыс істеcек, мемлекет басшысы назар аударады", – деп жауап берді Тамара Дүйсенова.

Жоғары лауазымдарда әйелдердің үлесі аз екенін айтқан журналистерге Дүйсенова мәселе кәсібилікте деп айтты.

"Әйел, ер болуына байланысты емес. Мұнда кәсіби маман болуы керек", – деп қорытындылады вице-премьер.

Бұған дейін Қазақстан үкіметінің құрамы қалай өзгергенін жазған едік.

Талқылау