Қашағанда мұнай өндіру жұмыстары қайта басталды
Қашаған кен орнында 9-на 10 тамызға қараған түні жұмыстар біртіндеп қалпына келтірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Алдағы уақытта жұмыстар кезінде құрлық және теңіз нысандарында тиісті рұқсат шеңберінде шектеулі көлемде газ жағылады.
"Газ жағу — Қашаған кен орнын игеру жобасындағыдай күрделі өндірістік операцияларды қайта жандандыру барысындағы стандартты процесс және ол шектелген уақыт аралығында үзілмелі режимде жүргізіледі", – делінген North Caspian Operating Company компаниясының хабарламасында.
Еске салайық, 5 тамызда Қашағанда газ шығуға байланысты мұнай өндірісі тоқтатылған еді.
Талқылау