Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қасақана кісі өлтіру": Тележүргізуші Динара Сәтжан экс-министрдің әрекетіне баға берді

Экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелін “ұрып өлтірді” деп айыпталып, екі айға қамауға алынған болатын. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Динара Сәтжан қоғамдағы түрлі оқиғаларға бейжай қарамай, ойын ашық айтып жүр. 

“Егжей-тегжейін неғұрлым  көп білсеңіз, соғұрлым қорқынышты. Ол алдымен өз әйелін өлтіріп, содан кейін ізін жасыру үшін барын салған. Бірінші видеокамераны өшіруге бұйрық береді. Салтанаттың телефонындағы геолокация арқылы туған бауыры кейде оның қай жақта екенін көріп отырған. Сол сезіктенбесін деп марқұм Салтанаттың телефонын қалада әдейі әрлі-берлі алып жүрген.

Осындай іс-әрекет адамның ойына келе ме?! Мұндай тірлікке адам қабілетсіз болады. Ол – психопат. Кісі өлтіруші. Қылмыскер. Бұл – қасақана кісі өлтіру. 

Тым болмаса Гастроцентрден адамгершілігі мол бір жан полицияға хабарласып, сол күні болған сұмдықты хабарлағанда, Салтанатты аман алып қалуға болатынына сенімдімін. Бұл жолы Қуандық Бишімбаев толық жауап беруі керек. Өткен жолы 2028 жылы шығуы керек болса да, бір жылдан кейін бостандыққа шыққанына ешкім мән бермеген. Сонда Салтанаттың өмірі мүлде басқаша болар еді...”, – деп жанайқайын жеткізді тележүргізуші. 

Сондай-ақ Динара Сәтжан заңды да қайта қарау керегін айтты.

“Бұл трагедия заңнамамызды өзгертуі керек. Тұрмыстық зорлық-зомбылық қылмыс ретінде қарастырылуы керек. Кейбір әйелдерді үйде өлтіреді. Қалғандары Бас қаланың дәл ортасында әйелін о дүниеге өз қолымен аттандырады. Бұл сұмдықты тоқтататын уақыты келді”, – деп жазды желідегі парақшасына.

Айта кетейік, осыған дейін шоу-бизнес өкілдерінің экс-министрдің әрекетіне наразылық жазбаларын жариялаған болатынбыз. 

 

Талқылау