Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы пирамидасын ұйымдастырды деп күдікке ілінген азамат Украинадан Қазақстанға экстрадицияланды

"LIDER" қаржы пирамидасын басқарды деген күдікпен іздеуде жүрген азамат Украинада ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Ол бұған дейін 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сурет pexels-тен

Деректерге сай азамат 2017-2019 жылдар аралығында бөтеннің мүлкін жымқыру мақсатында жалған жобаларға азаматтардың ақшалай салымдарын тартудың заңсыз схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген.

Осындай әрекеттерінің нәтижесінде зардап шеккен 240-тан астам азаматқа 1,2 миллиард теңгеден астам шығын келтірілген. Кейін ол қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып, салдарынан халықаралық іздеуге жарияланған.

2023 жылдың тамыз айында күдіктіні Украинаның құқық қорғау органдары ұстады.

“Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. Жоғарыда аталған қылмыстарды жасағаны үшін оған 5 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін”, – делінген ҚР Бас прокуратура хабарламасында.

Талқылау