Шығын 167 милллион теңге: Қаржы пирамидасын басқарды деп айыпталған қазақстандық әйел Армениядан экстрадицияланды
Бас прокуратура және ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері Қазақстанның Армениядағы елшілігінің көмегімен қаржы пирамидасын басқарған адамды елге экстрадициялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Бас прокуратура
2019-2021 жылдар аралығында күдікті әйел Қостанай облысындағы "Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарған. Нәтижесінде 40-қа жуық адам алданыпты, келтірілген залал 167 миллион теңгеден асады.
Қылмыстық топқа қатыстылардың бір бөлігінің бұған дейін соттылығы болған. Қылмыс жасалғаннан кейін күдікті Арменияда жасырыныпты. Десе де, ол сол елде ұсталды.
Қазір күдікті Ақтау тергеу изоляторына қамауға алынды.
Егер қылмысы дәлелденсе, 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырылмақ.
Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында Qnet қаржы пирамидасының басшысы алты жылға сотталған еді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"