Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы нарығының келешек дамуы жайында оған қатысушы тараптың пікірін білмек үшін Ұлттық Банк сауалнама жүргізуді қолға алды

Қазақстан Ұлттық Банкі Макроэкономикалық сауалнаманың жарияланымдарын шығарды, онда ішкі және әлемдік нарықтардағы ахуалдың дамуы жайында нарықтағы кәсіби қатысушылардың тәуелсіз пікіріне, бағалаулары мен болжамдарына шолу жасалған, деп хабарлайды реттеушінің баспасөз қызметі.

Ұлттық банк

Макроэкономикалық сауалнама Ұлттық Банк пен нарықтағы кәсіби қатысушылар арасындағы ізгі байланысты жақсарту үшін қолға алынып отыр. Сарапшылар қоғамдастығымен диалог құру – реттеуші мен нарық арасындағы ақпараттық асимметрияны азайтуға бағытталған.

«Сауалнамаға Қазақстандағы макроэкономикалық көрсеткіштерді талдап, болжаумен айналысатын 11 ұйым қатысты. Респонденттер қатарына нарықтың кәсіби қатысушылары, ғылыми-зерттеу институттары, халықаралық ұйымдар мен рейтингтік агенттіктер кірді. Алдағы уақытта бұл тізімнің аясы кеңеюі мүмкін», - делінген хабарламада.

Сауалнама Ұлттық Банктің болжамдарын жариялаумен қоса берілетін базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қабылданар бұрын жылына кемі 4 рет жүйелі түрде жүргізілмек. Оның нәтижелері ҚҰБ-тың ресми сайтында «Ұлттық Банктің макроэкономикалық сауалнамасы» бөлімінде жарияланады. Алдағы уақытта респонденттердің болжамына негізделген деректердің жинақталуына қарай жарияланымдағы ақпарат толықтырылып отырады. Сондай-ақ, алғышарттар мен болжамдарды талқылау үшін Ақша-кредит саясаты туралы баяндама жарияланғаннан кейін сауалнамаға қатысушылармен кездесу өткізу жоспарланып отыр.

Талқылау