Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы мониторингі агенттігі Біртановтың қылмыстық ісін тергеудің "кешіктірілгені" туралы ақпаратты түсіндірді

Қаржы мониторингі агенттігі экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың қылмыстық ісін тергеудің "кешіктірілгені" туралы ақпараттың жариялануына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде бұрынғы денсаулық сақтау министрі Біртановқа қатысты қылмыстық істің тергеуде оның кінәсін дәлелдейтін айғақтардың болмауына байланысты кешіктіріліп жатқаны туралы ақпарат таралуда", - деді ведомствоның ресми өкілі Гаухар Сапарбаева. 

Оның айтуынша, агенттік қылмыстық істі тергеуді 2021 жылдың 7 маусымында аяқтаған.

"Осы уақыттан бастап қорғаушы тарап қылмыстық іс материалдарымен танысады. Осыдан кейін ғана істі мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберуге болады. Күдіктінің кінәсі немесе кінәсіздігі туралы мәселе тек қана сот арқылы шешілуі тиіс", - деп қосты ол.

Қыркүйек айында Елжан Біртановтың үйқамақтағы мерзімі 14 қарашаға дейін ұзартылды.  Денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы басшысы Елжан Біртанов 2020 жылдың қарашасынан бері үйқамақта отыр.

Дана Русланқызы
Жұма, 29 Қазан, 2021 18:29
Талқылау