Қаржы мониторингі агенттігі Алматының экс-әкімі Бауыржан Байбек пен оның отбасына қатысты істі тергеп жатқан жоқ
Фото: X/Nur Otan
Мәжілісте Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбектің қылмыстық іске қатысы бар-жоғын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, кейбір шенеуніктердің әрекетіне құқықтық баға беру қажет.
"Бізде Байбекке қатысты тіркелген қылмыстық іс жоқ. Оның әкесіне қатысты да іс жоқ. Ал Қоспаевқа қатысты сот үкімі шықты. Тәркіленген бірқатар мүлік бар. Сондай-ақ жеке қылмыстық іс бар. Оның аясында әлі де кейбір тұлғаларға құқықтық баға беру қажет болуы мүмкін", – деді Елемесов.
Журналистер Елемесовтен қандай тұлғалар тексеріліп жатқанын түсіндіруді сұрады.
"Құрылыс кезінде қандай да бір шешім қабылдаған шенеуніктер, осы ұйымдасқан қылмыстық топқа мүлікті жасыруға көмектескен басқа да белгісіз тұлғалар бар", – деді Елемесов.
Оның айтуынша, құрылыс кезінде белгілі бір шешім қабылдаған шенеуніктер тергелуі мүмкін.
Айта кетейік, бұған дейін Бауыржан Байбектің әкесі Қыдырғали Байбектің Елдос Қоспаевтың қылмыстық топ мүшелерінен жеңілдетілген бағамен жылжымайтын мүлік сатып алғаны хабарланған еді.

"Есік-терезе жақтаулары бүлінген, едені тесік": Алматылық RAMS Qazaqstan-нан 85 миллион теңгеге алған пәтеріне шағымданды
