Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрлігі министр Тәкиевтің мәлімдемесіне қарамастан мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы берілетінін айтты

Қаржы министрлігі мемлекеттік қызметкерлерге сыйлықақы беру туралы сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрлік мәліметінше, үкіметтің 2001 жылдың 29 тамызындағы №1127 қаулысына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлерге сыйақы төлеу, материалдық көмек көрсету, лауазымдық айлықақыларына үстемеақылар белгілеу бюджет қаражатын үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады.



Осы қаулы арқылы шығыс баптарының нақты тізбесі айқындалған. Олардың есебінен үнемдеу қалыптасқан жағдайда ғана сыйақы төленуі мүмкін:

  • іссапарларға;
  • коммуналды қызметтер;
  • көлік қызметтері;
  • байланыс қызметтеріне;
  • үй-жайларды жалға алу шығындары. 

“Қазір аталған қаулыға, басқа да заңнамалық актілерге сыйақыларды шектейтін өзгерістер енгізілмегендіктен мемлекеттік қызметкерлерге сыйақыларды беруге тыйым салатындай негіз жоқ”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрі Мади Такиев мәжіліс кулуарында шенеуніктердің бюджетте артылған қаржыны сыйақы ретінде ала алмайтынын айтқан еді. 

Талқылау