Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаржы министрі қол астындағы қызметкерлер жаңа жыл қарсаңында қанша сыйақы алатынын айтты

Жыл соңында қаржы министрлігінің қызметкерлеріне үш-төрт жалақыға татитын сыйақы беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Премьер-министрдің орынбасары Ерұлан Жамаубаев мәжіліс аясында қызметкерлердің сыйақысы үшін бүкіл бюджеттен қанша сома бөлінетінін айтты

"Нақты соманы айту мүмкін емес. Себебі бюджеттен белгілі бір сома бөлу қарастырылмаған. Оған жалпы жалақы, іссапар шығындары және басқа да шығындар кіреді. Барлық сатып алу шаралары мен жалақыны төлегеннен кейін әрбір мемлекеттік органда қандай да бір ақша артылатыны түсінікті. Оны сыйақы ретінде бөлуге болады", – деді Жамаубаев.

Ол сыйақылардың мөлшерін анықтаудың нақты ережелері бар екенін және олар не үшін берілетінін атап өтті. Ерекше, күрделі және жұмыс уақытынан тыс жұмыстар үшін деп саналады. Әрбір мемлекеттік орган қаражатты дербес бөледі.

"Қаржы министрлігі – үлкен ұйым. Аймақтар бөлек алады, орталық аппаратына бөлек беріледі. Үш-төрт жалақы шегінде беріледі деп ойлаймын", – деп түйіндеді министр.

Талқылау