Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарындасын алақанына салған Болмановтың ұлы желідегілердің жүрегін елжіретті

Бесінші сәбиін бауырына басқан Қарақаттың қызды болғанына тура 1 ай толды. Қуанышты жаңалығымен әншінің өзі желідегі парақшасында бөлісті.

19120915_1187238458072320_5612743496696856576_n

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Қарақат тұңғышы Бекболаттың қарындасы Аяланы алақанына салып, көтеріп тұрған сәтін жариялап: “Аяласын алақанында аялаған ағасынан айналдым”, – деп жазды.

Мұны көрген желідегілердің жүрегі елжіреп кетті.

Көпшілік Қарақаттың бақытты ана екенін айтып, сәбиіне ұзақ ғұмыр тіледі. Олар Бекболаттың қамқор аға болатынын болжап та қойды.

“Қандай қамқор аға”, “Көңілдің бәрі осы қызға ауып кеткен шығар”, “Төрт ағасы қорғаушысы болады, керемет”, “Қандай жантебірентерлік сәт, қарындасына қарауының өзі қандай?! Көзқарасынан жылулық сезіледі”, “Әдемі көрініс, МашАллах”, – деп тамсанды желі оқырмандары.

Жіберіп алмаңыз:

Үшінші рет тұрмыс құрған Ақбота Керімбекова алғаш рет отбасылық өмірі жайлы айтып берді

Баян Есентаева Ақботаның отбасылы азаматпен көңіл қосқанына режиссер Ұзабаевты кінәлаған

Қытай түсірген деректі фильмде Димаш туралы айтылды (видео)

Басшылық қызметтен кеткен Ләйлә Сұлтанқызы шетелге кететін болды

Баян Есентаева өзінен шаршағандарға бір жыл “демалыс” беретінін мәлімдеді (видео)

 

Талқылау