Қарумен қорқытып, комбайнмен таптап өтуге тырысты: Қызылорда облысындағы жаппай төбелес болды
Қызылорда облысындағы күріш алқабында жаппай төбелес болды. Ауыл тұрғындары мен жергілікті бизнесмендер жерге таласқан. Жүз гектардан астам егінді қорғауға тырысу әректі қайғылы жағдаймен аяқталуға шақ қалды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Астана" арнасына сілтеме жасап.
Ауызша қақтығыс алдымен төбелеске ұласты. Кейін егін алқабының күзетшілері қару алып, ауыл тұрғындарын комбайнмен таптауға тырысты. Жергілікті тұрғындар өз кезегінде қауіпсіздік қызметкерлерін ұра бастады.
"Қақтығыс кезінде белгісіз тұлғалар күзет өкілдеріне күш қолдана бастады. Осы себепті қызметкерлердің бірі травматикалық қарудан ауаға ескерту жасады. Тағы бір қауіпсіздік қызметкері жанжалдасқан адамдарды басып өтпек болды. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 252-бабы - жеке күзет қызметі қызметкерлерінің артық өкілеттіктері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр", - деді Қызылорда облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Байыржан Ибраев.
Талқылау

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
Олар 300 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейінгі ақшадан қағылды

"Бөлімше болыңыз, біздің команда": Алматыда косметика дүкенінің қате аудармасы жұрттың ашуын туғызды
Оқырмандардың бірі баспахананың да мұндай немқұрайлығына реніш білдірді