Қаруланған қарақшылардың сазайын берген: 85 жастағы қария ерлік танытты (видео)

85 жастағы қария ерлік танытты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BBC news басылымына сілтеме жасап. 

Ирландиядағы букмекерлік кеңселердің біріне шабуыл жасаған қаруланған үш қарақшыны соққының астына жыққан қария камераға түсіп қалған. Баса-көктеп кірген ұрыларға букмекерлік орталықтың менеджерімен бірге тап берген қария 85 жаста. Дэнис Оконор ұрылардың біріне жақындап төбелесті бастап кеткен. Артынша, келген үш қарақшыны да ғимараттан қашырып жіберген. 

Қария бар болғаны шарасыз қалған менеджерге көмектескісі келген. Алайда, өзінің мықтылығымен бүтін букмекрлік кеңсені ұрылардан құтқарған. Осылайша, 85 жастағы ирландиялық Дэнис Оконор жеңіл жолмен ақша табуды көздеген жігіттерге құйтырқы ойын жүзеге асыруға жол бермеген. Қария қарапайымдылық танытып, мұндай жағдайда кез келген адам дәл өзі секілді әрекетке баратынын айтты.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр