Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарттарға тамақты еденге қойып береді": Алматыда шағым түскен мекемені тексерді

Алматыдағы қарттар үйіндегі жандарға асты еденге, әжетхананың қақпағына қойып береді. Ал қарсылық танытқан қарттарды тыржалаңаш шешіндіріп, еденге жатқызып қояды. Қала әкімінің есеп беру жиыны кезінде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Виктория Баженова осындай мәлімдеме жасап, Бақытжан Сағынтаевтан араша сұраған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Евразия" арнасына сілтеме жасап.

Виктория Баженованың айтуынша, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарттардың көрген күні осы. Ол 4 жылдан бері осындағы қызметкерлердің біраз кемшіліктерін анықтап, оны ғаламторға жариялап
келеді. Осы әрекеті үшін оны мұндағылар бірнеше мәрте соққыға да жығыпты. 

№3 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы тұрғынының мұндай мәлімдемесі Алматы әкімін де, жұртшылықты да елең еткізді. Сондықтан, қала басшысы  өзі барып, қарттар үйіндегі жандардың тыныс-тіршілігімен танысты.

Бақытжан Сағынтаев, алдымен әлеуметтік мекемені аралап, мұнда тұратын жандардың тыныс-тіршілігімен танысты. Бірі қолөнермен, екіншілері тастыаяқ (бильярд) ойнап жатыр. Жеке бөлмелерге де кіріп, өздігінен жүре алмайтын қарттардың халін сұрады. Бір қарағанда барлығы жақсы болып көрінгенімен Виктория Баженова мүлде олай емес, дейді. Бірнеше жылдан бері талай олқылықты өз көзімен көріпті.

"Ешқандай шара қолданбағандықтан мен ғаламтор, ютуб арқылы сізден, Президенттен көмек сұрауға мәжбүр болдым. Видеода асханадағы кемшіліктенден бастап, қызмет көрсетуге дейін барлығы бар. Қарт кісіге асты еденге қойып беріп, оған осылай ыңғайлы дейді", - деп шағымданды Виктория Баженова.

Әкім қарттар үйіндегі қариялармен де әңгімелесіп, пікірлеріне құлақ асты. Барлығы бірдей осында көрсетіліп жатқан қызмет түрлеріне дән риза екендерін жеткізді. "Үйде көрмеген жақсылықты осында көріп жатырмыз", деп қариялар ағынан жарылды.

Барлығы Виктория Баженов мен жұмыстан қуылған тіс дәрігері Жақсылық Өтеуовке наразы.

"Ішкен құдығыңа түкірме" деген. Егер жаман болса, тұрмасын бұл жерде мысалы жаман дейтіндер. Мен сөйтіп ойлаймын өз басым. Бұл жерде жаман болса, ешкім қарамайтын болса. Құдайға шүкір, бұл жерде доктор да бар, анализді де осы жерден келіп алып кетеді. Бұрындары 10 поликлиникаға баратын едік. Жатқан жерімізге азанда әкеліп тастап кетеді, келеді де өдері жинап алып кетеді. Еш жаққа жүгірмейміз", - дейді мекеме тұрғыны Адасгүл Аққұлова.

№3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының тағы бір тұрғыны Айымтөре Тайгарина бұл мәселенің тезірек біткенін қалайтынын жеткізді.

"Кеше телевизордан көріп, давлениемыз көтеріліп, жылап-еңіреп телевизордың алдында. Қолдан келетін ештеңе жоқ. Енді сізді Алла тағала әшейін жіберген жоқ шығар. Осыменен бітер осы. Жақсылықпенен бітсінші, құлыным. Жаңағы жұрттың айтып жатқанының барлығы дұрыс. Енді ол кісі неге сондай әрекет жасап жатыр, сондай былыққа барып жатыр. Бүкіл Қазақстанға бізді телевизордан көрсеткізіп", - деді ол.

Ал әлеуметтік мекеме басшылығы өздеріне шығым түсіргендердің пікірлерімен келіспейді. Айтуынша Виктория Баженов 4 жыл ішінде мекеме директорының үстінен 2 мың шағым түсіріпті. Ол жүйкесі сыр бергендіктен бірнеше мәрте ауруханаға жатып шығыпты. Ал тіс дәрігері Жақсылық Өтеуов өз міндетін дұрыс атқармағандықтан жұмыстан қуылыпты.

"Бұл жерде барлық қызметтерді көрсетеміз, 4 мезгіл тамақ береміз. Және мейірбикелер күндіз-түні қарайды. Палата жуушылар өз қызметтерін дұрыс атқарады", - №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер ортағының директоры Раиса Сыпабекова.

Екі тараптың пікірлерін тыңдаған әкім, мұнда барлығы жақсы екеніне сене қоймады, сондықтан арнайы комиссия құрылып, тексеру жүргізетінін мәлімдеді. 

 

 

Талқылау